«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО бойынша филиалы «МСАК көшбасшысы» байқауын қорытындылады. Конкурстың басты мақсаты – медициналық-санитарлық алғашқы көмек деңгейінде медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биылғы байқау тамыздың 1-і мен қарашаның 30-ы күндері аралығында өтті. Сайысқа 19 емхана қатысуға ниет білдірді. Олардың 13-і аудандық және 6-уы қалада шоғырланған емдеу мекемелері болды. Қатысушылардың арасында жеке меншік емханалар да бар.

«МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысы бойынша үздік медициналық мекеме анықталып, оларға дипломдар, кубоктар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жарыстың қорытындысын жария етсек:

1-ші орын – «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
2-ші орын – «Ақжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
3-ші орын – «Уәлиханов аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК.

«Осы сияқты байқаулар медицина саласындағы сапалылықты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбегі бағаланып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», — деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Тарих пен нумерология түйіскен тұс: 2026 жыл несімен ерекшеленбек?

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *