СҚО-ның кей мектептерінде жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмауы мүмкін

Бүгін Үкімет отырысында оқу-ғарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру нысандарының қазіргі жағдайы туралы баяндады. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталады.

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауқымды су тасқыны салдарынан барлығы 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда бес нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.  16 нысан бойынша жұмыс жүргізілуде», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Тағы оқыңыз:СҚО сотында кадрлық өзгерістер болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x