Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданына қарасты Бірлік ауылында қара малдан бруцеллез анықталды. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, ауылда 58 қара малдан ауру анықталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Бүгінгі күні барлық ауру жұқтырған мал сойылды. Қазір елді мекенге шектеу шаралары енгізілген.

«Шектеу шаралары зертханалық нәтижелер қатарынан екі рет теріс көрсеткенде ғана және ауру мал тұрған қоралар толық дезинфекциядан өткенде ғана алынып тасталады. Оған дейін ірі қара малды және оның өнімдерін сатуға болмайды. Тек ауру малды ғана союға рұқсат беріледі», — дейді ветеринарлар.

Мамандардың айтуынша, инфекцияның таралуына ветеринарлық талаптардың орындалмауы, яғни түлікті ветеринарлық қызметті ескертпей, құжаттарынсыз әкелу себеп болуы мүмкін.

Қазір ошақ орнында республикалық эпизоотияға қарсы отряд жұмыс істеп, аумақты зарарсыздандырып жатыр.

Жалпы биыл СҚО-ның төрт ауданында бруцеллез ошағы анықталды. Ауырған 68 ірі қара малдың 58-і — Есіл ауданына, жетеуі — Қызылжар ауданына, екеуі — Ақжарға және біреуі Айыртау ауданына тиесілі. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде өңірде 180 мал ауру жұқтырған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жол апатына түскен велосипедшінің жағдайы ауыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *