Солтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелерінде еңбек заңнамасын  өрескел бұзған. Зейнеткерлік жасқа жеткен 295 қызметкерге еңбек қатынастарын тоқтату кезінде 37,6 миллион теңге өтемақы төленбеген, деп жазады Qazaqstan Media.

Еңбек кодексінің 52-бабы талаптарының бұзылғаны туралы облыс прокуратурасы хабарлады. Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Есіл, Жамбыл, М.Жұмабаев, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласының мектептерінде зейнеткерлік жасқа жеткен 295 қызметкерге еңбек қатынастарын тоқтату кезінде 37,6 миллион теңге өтемақы төленбегені анықталды.

Сонымен қатар, Есіл, Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандарында 37 мұғалімге біліктілігін арттыру курстарына қатысқаны үшін 4,3 миллион теңге көлеміндегі іссапар шығындары өтелмеген.

Прокурорлық актілердің нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 25 қызметкерге 4,9 миллион теңге көлемінде төлем жүргізілді. Қалған заңбұзушылықтар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы 329 қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғады.

Тағы оқыңыз: Елімізде мамыр айынан бастап жедел жәрдемнің жұмысы өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *