Солтүстік Қазақстанда тағы бір кадрлық тағайындау болды. Облыстық көлік бақылау инспекциясын енді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Аппараты басшысының бұйрығымен Нұрсұлтан Низамиддинұлы Жамашев басқаратын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жаңа басшыны облыстық әкімдік отырысында өңір жетекшісі таныстырды. Нұрсұлтан Жамашев  Қарағанды қаласының тумасы.  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

39 жастағы жаңа басшы еңбек жолын 2009 жылы прокуратура органдарында бастаған. Кейін түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық қызметтерде де жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімінің аппаратында жауапты лауазымдарды атқарды.

Жаңа қызметке дейін Шымкент қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Тағы оқыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *