СҚО дәрігерлері 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді аман алып қалды

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді өлімнен аман алып қалды. Аудан тұрғыны ақпан айында 5-ші сәбиін дүниеге әкелген.  Алайда, денсаулығы сыр беріп,  көпбалалы ана күтпеген жерден жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жадыра Ахметова – Шал ақын ауданының тұрғыны.  Ол 32 жасында бесінші сәбиін дүниеге әкелген. Бірақ босанғаннан кейін бір аптадан соң күтпеген жерден сырқаттанып, көп қан жоғалтқан. Содан дереу аудандық ауруханаға жатқызылған жас ананың  жағдайы жақсармаған. Облыс орталығынан бір топ дәрігер ауданға шұғыл жетіп, ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды.

«Босанғаннан, яғни екі аптадан кейін науқастан қан кете бастаған. Алайда, облыс орталығынан  дәрігерлер тобы оқиға орнына дереу жетіп, оған шұғыл ота жасады. Қанды тоқтатып, жедел  медициналық жәрдем бригадасы әйелді облыстық  ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ біз жас анаға тиісті консультация бердік, екі күн бойы жансақтау бөлімінде болды, содан кейін мамандандырылған бөлімшеге жатқыздық», — деді облыстық көпбейінді аурухананың реанимация бөлімінің жетекшісі Сергей Ишин.

Қазір беті бері қараған ананың қуанышында шек жоқ, өміріне араша түскен дәрігерлерге алғысы зор.

«Мен мұнда түскен кезде өте ауыр жағдайда болдым. Есімді әрең жидым. Содан кейін ғана білдім операция жасалғанын. Әрине, бірінші Алланың одан кейін дәрігерлерің көмегі», — деді Шал ақын ауданының тұрғыны Жадыра Ахметова.

Бүгінде көпбалалы ана сырқатынан құлан таза  айығып, үйіне шығарылды. Мамандар 3 литрден астам қан жоғалтқан адамды өлімнен аман қалу сирек жағдай дейді.

Тағы оқыңыз:Петропавлда қоғамдық моншаның қазандығы жарылып, бір адам көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x