СҚО дүкендерінде сапасыз тауарлар сатылған

Солтүстік Қазақстанда азық-түлік және өзге де тауарлар тексерілген. 56 өнімнен алынған сынаманың 40-да бұзушылықтар анықталды. Арнайы тексерістерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы  жүргізген, деп жазады Qazaqstan Media.

Тауарлардың сәйкестігін тексеру бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілді. Құпия сатып алушылар анықтаған көптеген бұзушылықтар елдің барлық аймақтарында кездеседі. 

«Әлеуметтік маңызы бар өнімдер, атап айтқанда көптеген шетелдік тауарлар мәлімделген сипаттамалар мен көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Кейбір тағамдарда сиыр етінің орнына шошқа еті мен тауықтың ДНҚ-сы кездеседі. Көптеген азық-түлік өнімдерінде ГМО болды. Бірақ өндірушілер бұл туралы айтқан жоқ», — дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі Жанна Биятан.                                

Ол май құрамдары өндірушінің нормасына сәйкес келмейтін жағдайлар болғанын атап өтті. Ал қаймақта сүт қышқылды микроорганизмдер ГОСТ белгілеген талаптардан төмен болыпты. Сонымен қатар, көптеген мерзімі өткен және жалған тауарлар дүкен сөрелерінде кездескен.

«Солтүстік Қазақстан облысында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 56 үлгісі сатып алынды. Олардың тек 16-сы техникалық талаптарға сай болды. 11-і тауарларды бұрмалау белгілерімен болды және декларациясыз сатылды. 15-і санитарлық нормаларды бұза отырып дүкендерге жеткізілген. Олардың жарамдылық мерзімі өткен немесе жарамдылық мерзімі болмаған», — дейді спикер.

Кейбір өнімдерде өндірістің атауы мен мекенжайы туралы ақпарат көрсетілмеген. Сондай-ақ тауарлар Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес таңбаланбапты.

Қарапайым тұтынушыға қауіпті тауарды сатып алғандығын дәлелдеу қиынға соғады. Мысалы, дүкендердің фотосуреттері мен каспийге жіберген аударымдарды айғақ деп танылмайды.

Тағы бір мәселе, егер сатып алушыға фискалдық чек берілмесе, онда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағым беру арқылы олардың құқықтарын қорғау мүмкін емес. Бұл туралы Кәсіпкерлік Кодексте жазылған. Сондықтан егер тұтынушылардың құқықтары бұзылса, онда шаралар кәсіпкерлік кодексті ескере отырып қабылдануы керек, деп отыр маман.

Тағы оқыңыз: Петропавлда адам пышақтап, бостандығы шектелген студент есірткі сатып келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x