Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Гусаковка» ЖШС-де 57 бас ірі қарадан бруцеллез ауруы анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасап.
СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірде 10 сәуір мен 7 маусым аралығында ветеринарлық іс-шаралар жүргізілген. Соның нәтижесінде «Гусаковка» ЖШС-дегі сиырлардан ауру анықталды.Ветеринарлық талаптарға сәйкес 57 ірі қара малдың 15 күн ішінде көзі жойылуы тиіс. Ал шаруашылыққа бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді.
«Сауықтыру іс-шаралары аясында республикалық эпизоотияға қарсы жасақ әрбір 15-20 күн сайын ірі қара малды бруцеллезге тексеріп отырады. Сондай-ақ әрі қарай таралмауы үшін үй-жайларды зарарсыздандырады. Шектеу режимі енгізілген жағдайда мал өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салынады. Шектеу шарасы үй-жайлар толық дезинфекциядан өткен соң және қатарынан екі рет теріс нәтиже берген жағдайда алынады», — делінген баспасөз хабарламасында.
«Гусаковка» ЖШС-де 460 бас ірі қара мал бар.
Тағы оқыңыз:Петропавлда тасқыннан зардап шеккен 47 отбасы баспаналы болды