Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмажан Жүкенов келді. Ол оқушылар сарайында ардагер ұстаздармен және мектеп директорларымен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Алқалы жиын барысында облыста ардагерлер кеңесіy дамыту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелері талқыланды. Жастарға патриоттық тәрбие беру жайлы да айтылды. Сонымен қатар, аға буын өкілдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі қозғалды. Жұмажан Жүкенов облыста білім саласы қарыштап дамып келе жатқанын атап өтті.

«Таяуда ғана елімізде үздік 100 мектептің тізімі жарияланды. Оның ішін бес солтүстікқазақстандық білім ұясы бар. Үздік колледж студентерінің қатарында да теріскейлік жастар бар. Бұның өзі үлкен жетістік»,- деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмажан Жүкенов.
Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны «инвестиция» арқылы 19 миллион теңгесінен айырылды