Бір тәулік ішінде Шағалалы өзеніндегі су деңгейі 19 см-ге көтерілген. Мұндай жағдай Солтүстік Қазақстандағы өзге де өзен-көлдерде тіркеліп отыр. Бұл туралы Қазгидромет РМК СҚОФ мамандары хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ауа райының күрт жылып, қардың қарқынды еруіне байланысты Солтүстік Қазақстандағы өзен-көлдердегі су деңгейі көтерілуде. Осы күндері жауған жаңбыр да жағдайды ушықтырып отыр.
«Ковыльное ауылының маңындағы Ақан бұрлық өзенінде бір тәулік ішінде су деңгейі 2 см-ге, ал Андреевка елді мекеніндегі Шарық өзенінде + 6 см-ге көтерілген», — делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ ұсынған ақпаратта.
Су деңгейі ең көп көтерілген өзен ол – Шағалалы. Онда бір тәулікте бірден + 19 см-ді көрсеткен.
Есіл өзенінде де су деңгейі артып келеді. Айталық, Тоқсан би ауылының маңында + 4 см-ге, Покровкада + 2, ал Новоникольск ауылының маңында + 5 см-ге көтерілген.
«Ал Сергеев су қоймасында өткен тәулікте су деңгейі көтерілмеген. Дегенмен, осыған дейін + 1 см қосылған. Су ернеуінен 2 см-ге асқан», — деді «Қазгидромет» РМК СҚОФ мамандары.
Тағы оқыңыз: Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында