17-ші қыркүйек күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт ішінен үш адамның денесі табылды, деп жазады Qazaqstan Media.
«112» пультіне хабар түскен соң оқиға орнына ТЖД жеке құрамы мен техникасы шұғыл аттандырылды. Құтқарушылар келген сәтте үйді ашық жалын шарпыған болатын.
Өрт сөндіру барысында үйдің ішінен үш адамның мәйіті табылды: 1968 жылы туған әйел және 1981, 1979 жылдары туған екі ер адам.
Жалын жалпы ауданы 40 шаршы метрді қамтыған. Өрт толықтай сөндірілді. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.
Тағы оқыңыз: Сүт бизнесінен түрмеге дейін: СҚО-да кәсіпкер Евгений Данькоға сот үкімі шықты