Солтүстік Қазақстан облысында жеке сектордан болған өртте тағы бір адам көз жұмды. Оқиға 26-шы қараша күні болған, деп жазады Qazaqstan Media.
Өрт Қызылжар ауданы Бескөл ауылында тіркелген. Құтқарушыларға өрт туралы хабарлама түнгі сағат 23.00 шамасында түскен. Бескөлдегі Северная көшесіндегі жер үйлердің бірі отқа ораныпты.
«От 40 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнында 1978 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Құтақушылар тілсіз жауды 50 минут ішінде толығымен ауыздықтаған. Оған 14 өрт сөндіруші мен бес техника жұмылдырылыпты. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері нақтылануда.
Тағы оқыңыз: Петропавлдағы массаж салонында үш тайландтық азамат заңсыз жұмыс істеген

