Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметкер мемлекеттік шекарадан заңсыз адам өткізген.Сонымен қатар, ол әскери қызмет саласынағы заңнаманы бұзғаны үшін сот алдында жауап берді, деп жазады Qazaqstan Media.
Уәлиханов аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Р.есімді азаматқа қатысты іс қаралды. Ол- келісім-шарттық қызметте қатардағы жауынгер. Қызмет барысында тікелей басшысының ауызша бұйрығын орындамаған. Оған қоса, мерзімі өтіп кеткен құжаты бар адамды шекарадан заңсыз өткізген.
«Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Аудандық соттың қаулысымен азамат Р., әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 98 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды»,- деп хабарлады аудандық сот.
Сот қаулысы заңды күшіне еңбеген.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Имантау маңындағы жол-апатында жасөспірім зардап шекті