СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады

СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның шын мәнінде қалай болғандығын айтып берді. Айтуынша, полиция майоры сол түні жалғыз болмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

26-шы мамырға қараған түні орын алған оқиғаны  Александр есін жиғаннан кейін бірден ағасына айтып берген. Өз кезегінде ол бауырын осындай халге жеткізгендер жазадан құтылып кетпеуі үшін редакцияға хабарласып, ақпараттық қолдау білдіруді сұрайды. Оның айтуынша, інісі 25-ші мамыр күні қала сыртындағы монша кешендерінің бірінде қыдырады. Ал, түнгі екілер шамасында такси шақыра алмағандықтан, жаяу жолға шыққан.

«Жол жиегімен келе жатқан оны көлік соғып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, Александр машина капотының үстінен ұшып барып жерге құлаған. Бірақ қасына екі адамның келгені есінде. Оның бірін інім бірден таныған. Ол — Ольшанка елді мекенінде орналасқан колония қызметкері. Полиция майоры мас күйде болған. Және жерде жатқан бауырыма былапыт сөздер айтып, ауруханаға апарудан бас тартқан», — дейді жәбірленушінің ағасы Алексей.

Кейін әлгі екеу жәбірленушіні қол-аяғынан ұстап, көліктің артқы орындығына жатқызады. Сосын орманға әкеліп, сөмкесін бір, ал Александрдың өзін екінші бұтаның астына лақтырып кетіп қалған.

СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады

«Інім бұталарға ұсталынып аяққа тұрмақ болған. Алайда, оның оң қолы мен аяғы және барлық қабырғалары сынған. Сондықтан сол қалпы жата берген. Ал, есін жиғанда таң атыпты. Сол кезде ол жақын маңда үрген иттің дауысын естіп, бар күшін жинап, көмек шақырады. Оның айқайын естіген қыз жүгіріп келіп, жедел жәрдемге хабарласқан. Бұл таңғы 8-8:30-дар шамасында болған», — деп баяндады Алексей.

Александр екі жұмадай ес-түссіз жатқан. Тек кеше ғана есін жинады.

СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады СҚО-да әріптесі соғып кеткен колония қызметкері есін жиып, оқиғаның мән-жайын баяндады

«Бауырымды ауруханаға әкелгенде дәрігерлер енді бір-екі сағат болғанда, құтқарып қалу мүмкін болмайтын еді деп айтты. Көп қан жоғалтқан. Осы уақытқа дейін ол өздігінен тыныстай алмағандықтан, ИВЛ аппаратына қосулы болды. Александрдың өмірі үшін қатты алаңдадық. Оның аяққа тұрып кетуі үшін әлі біраз уақыт қажет. Алда бірнеше жылдарға созылатын оңалту шаралары тағы бар. Інім спортқа жақын болатын. ҚАЖД қызметкерлері арасында ұйымдастырылатын жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындардан көрінетін. Бүгіндері оның мына жағдайына қарап, адамдардың соншалықты айуандыққа баратындығына сене алар емеспіз», — дейді Александрдың ашынған ағасы.

Александрды соғып кеткен колония қызметкері жұмыстан шығарылып, үй қамаққа алынған. Сондықтан олар полиция майоры жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдайды.

«Александр есін жиғалы екі күн болды. Алайда оған полициядан келіп ешкім жауап алған жоқ. Істі жүргізіп жатқан тергеуші жұбайының сұрақтарына жауап беруден қашып, телефон тұтқасын көтермейді. Сол түні інімнің телефоны да жоғалып кетті. Бірақ алғашқы уақытта әйелі қоңырау шалғанда ол істеп тұрған. Банк картасындағы ақшасы да болмай шықты. Ал, бауырымды соғып кеткен адамға тек жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша ғана іс қозғалған. Сонда оның қылмысты жасыру үшін інімді орманға апарып тастағаны есептелмейді ме? Бір қызығы, ол келесі күні түк болмағандай жұмысқа барған. Ол өзінің жасаған қылмысы жайлы ешкім білмейді, ал Александр өлді деп есептеген болар. Шыныменде, жақын маңда өтіп бара жатқан қыз болмағанда, оны таба алмайтын да едік», — дейді Алексей.  

Полиция көлікте болған екінші адамды да іздеуге асықпай отыр. Ал, Александр сол түні әріптесінің қасында тағы бір кісінің болғанын анық біледі. Сондықтан оның жақындары қылмыс жасаған жан жазадан құтылып кетпесе екен дейді. Бүгіндері жәбірленушіні үйде 13 жасар қызы тосып отыр.

Тағы оқыңыз: «Жазадан құтылып кетуі мүмкін»: СҚО-да колония қызметкері әріптесін соғып, оны қала сыртына апарып тастаған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x