Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде кезекті кадрлық тағайындау. Өңір жетекшісінің өкімімен ҰҚК маманы Игорь Попов облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Игорь Попов 1969 жылы Петропавлда дүниеге келген.  Игорь Попов Ленинград кеме жасау институтында оқыған. Оған қоса, ҚР ҰҚК-нің Қарағанды жоғарғы мектебін құрал жасаушы және құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ол еңбек жолын облыстық телерадио хабарын таратушы компанияның жетекші маманы болып бастаған.

1995 – 2024 жылдары ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеген. Оның ішінде басшылық лауазымдарды да атқарды. Үйленген, екі баланың әкесі.

Тағы оқыңыз: СҚО оқушылары белгілі ұстаз Қ. Битибаева атындағы олимпиадада бақтарын сынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *