Солтүстік Қазақстанда 53 жастағы келіншекті туған ұлы өлтіріп, қылмысын жасыру үшін үйді өртеп жіберген, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға кеше, яғни қарашаның 10-ы түс кезінде болған. Есіл ауданы Явленка ауылында тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 53 жастағы келіншектің денесін анықтайды. Бірақ, кейін ол, от шыққаннға дейін көз жұмғаны белгілі болды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның ұлы ұсталды.
«Есіл ауданы Явленка ауылының тұрғынын өлтіргені үшін полиция 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Жағдайлар анықталуда», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, ұлы ашу үстінде анасын ұрып, өлтіріп алған. Кейін қылмысты жасыру үшін үйге от қойған.
Осыған дейін редакция Тайынша ауданында анасын ұрып өлтірген тағы бір факті жайында жазған болатын. Қазір ол бойынша іс сотта қаралып жатыр
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы орташа айлық жалақы 286 мың теңге – Ұлттық статбюро