Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылдан бері өңірде жалпы ауданы 738,2 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде шамамен 140 мың гектар егістік және 551 мың гектардан астам жайылым бар, деп жазады Qazaqstan Media.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының отырысы өтті. Облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жалғас Сүлейменовтің айтуынша, 2025 жылдың басынан бері ведомство 270 мың гектарға жуық алқапты қамтыған 129 тексеріс жүргізген.

СҚО-да үш жыл ішінде 700 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
СҚО-да үш жыл ішінде 700 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

«81 заңбұзушылық анықталып, 8,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар, бюджетке 116 миллион теңгеден астам салық қосымша түскен. Оның айтуынша, кейбір шаруашылықтар пайдаланылмай жатқан жерлерден өз еркімен бас тартқан. Осылайша шамамен 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды»,-деді Жалғас Сүлейменов.

Қайтарылған жерлердің 387 мың гектардан астамы ауыл тұрғындары мен аграрийлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайта бөлініпті. 2025 жылға арналған қайтару жоспары 100 мың гектарды құраған болатын. Бүгінгі күні соның 64,1 мың гектары қайтарылды.

Кейбір аудандарда бұл жұмыстар сылбыр жүруде. Мысалы,  Тайынша ауданында – 35,4%, Ақжар ауданында – 37,4%, Айыртау ауданында – 41,5% деңгейінде жоспардың орындалуы төмен.  

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық дәрігерлер денесінің жартысы күйіп қалған әйелді құтқарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *