Солтүстік Қазақстанда бірінші қыркүйек күні  үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан оқиға орнында екі адам ажал құшты, деп Qazaqstan Media.

Жол апаты Қызылжар ауданы Краснознаменное ауылы маңында болды. Chevrolet,Mazda және Lexus автокөліктері соғылды. Салдарынан екі адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Ал бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Зардап шеккендердің екеуі қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақсыз, өте ауыр. Екі науқас жарақат бөлімінде ем қабылдауда. Олардың да жағдайлары ауыр. Барлығына керекті ем көрсетілуде. Түрлі дене жарақаттарын алған. Дене мүшелері сынған»,-деп жауап берді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Ал, бір азамат жол апатынан кейін Мамлют аудандық ауруханаға жеткзіліген болатын. Жағдайы орташа. Оны бүгінгі таңда қалалық көпбейінді ауруханаға ауыстыру қарастырылып жатыр.

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тексерісті бастап кетті. Бейресми мәмілеметтер бойынша, апаттан көз жұмғандар- әкесі мен қызы. Ер адам Германия елінің азаматы екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да соңғы бес жылда 80 мың адам үйлі болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *