Солтүстік Қазақстанда жыл басталғалы 96 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 68 келі есірткі тәркіленген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, жыл басталғалы 96 есірткі қылмысы тіркелген. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15% — ға артық, сотта 39 адамға айыптау үкімі шығарылды. Заңсыз айналымнан 68 келі есірткі және психотроптық заттар тәркіленген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 78,8% — ға артық.
«2024 жылы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының аумағында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жақын күндері топ мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталады. Олардан 18,5 кг есірткі тәркіленіп, жойылды. Қылмыстық топ қатысушыларының мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді облыс прокурорының орынбасары Александр Трикачев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да түрмеге марихуана алып өтпек болған азамат ұсталды