Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер тоғыз айдың қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді. Жалпы, өңірде қылмыстық ахуалдың тұрақты оң динамикасы сақталып отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 14,4 пайыз азайды, деп хабарлайды QM тілшісі.
Әсіресе ұрлық азайған. Ол шамамен үштен бірге қысқарған. Аса ауыр қылмыстар бойынша ашылу көрсеткіші 100 пайыз екен.
Сонымен қатар полиция қызметінің бірқатар бағыты ерекше назарды қажет етеді. Соның ішінде ең өзекті мәселе – интернет-алаяқтық. Бұл – соңғы уақытта ең кең тараған қылмыс түрі болып отыр. Полицейлердің жұмысы тек қылмысты ашуға емес, оның алдын алуға, яғни киберқылмыстың инфрақұрылымына соққы беретін профилактикалық шараларды күшейтуге бағытталған. Мәселен, биыл облыста екі ұйымдасқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылып, жалған нөмірлерден қоңырау шалуға арналған арнайы техникалық жабдықтары бар торап жойылды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында кәсіпкер өз қаражатына мектеп салды