СҚО-да «Қазақстан-Қытай»ауыл шаруашылығы өнімдерін ғылыми зерттеу орталығы ашылады. Бұл бастаманы жүзеге асыруға Қозыбаев университеті зор үлесін қосады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Хэнань» ауылшаруашылық инвестициялық корпорациясының делегациясы жоғары оқу орнын аралап, зертханаларының мүмкіншілігімен танысты. Аталған жоба өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға зор септігін тигізеді. Бастама заманауи инфрақұрылымды дамытып, мамандарды даярлауды және инвестиция көздейді.

Бұл корпорация Қытайдың ең ірі ауылшаруашылық инвестициялық компанияларының бірі болып табылады. Ауылшаруашылық секторында өндірістен бастап өңдеуге және сатуға дейінгі кешенді шешімдерді ұсынады. Қазақстан-Қытай ғылыми ауыл шаруашылығы орталығы дәнді, майлы дақылдарды, бұршақ тұқымдастарды және жемшөптерді іріктеуге мүмкіндік береді. Негізгі мақсат — ауыл шаруашылығы саласын климаттық өзгерістерге бейімдеу, дақылдар мен топырақ құнарлылығын бақылауда цифрландыруды енгізу.

Қазірдің өзінде бұл мақсатқа СҚО әкімдігі 30 га тәжірибелік жер бөлді. Ғалымдар Қозыбаев университетінің зертханалық кешенінде жұмыс жасай алады. Ал жобаға университеттің оқытушылары мен студенттері тартылды.

Хэнань ауылшаруашылық инвестициялық тобы жобаға бес млн доллар бөледі. Орталықты толықтай заманауи қондырғылармен қамтиды. Сондай-ақ, тұқым материалы ұсынылып, заманауи жатақханалар салынып, зертханалар ашылады.

СҚО-да «Қазақстан-Қытай» ғылыми зерттеу орталығы ашылады
СҚО-да «Қазақстан-Қытай» ғылыми зерттеу орталығы ашылады

«Аталған орталықты ашу университетіміз үшін ғана емес, жалпы өңір үшін де аса маңызды. Аталған әріптестік университет пен қытайлық серіктестердің дамуына жаңа серпін беріп, өзара байланысты жаңа деңгейге көтереді. Сонымен бірге, бұл бастама өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, оның тұрақты дамуына ықпал етеді», — деді Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы-ректоры Ербол Исақаев.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында өрттен ер адам мен 5 жасар бала қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *