Солтүстік Қазақстанда зират басына барған зейнеткердің үстіне ағаш құлаған. Бірден жедел жәрдем шақырылып, көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазады Qazaqstan Media.

М.Жұмабаев аудандық ауруханасының мәліметінше, Булаев қаласында зират басындағы оқыс оқиға туралы хабарлама сағат 11.58-де түскен. Бірер минут ішінде жеткен дәрігерлер 69 жастағы әйелдің үстіне ағаш құлағанын анықтады.  Зейнеткер қайтыс болғандарды еске алуға барған. Мамандар келгенде оның жағдайы ауыр болған. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. 

Науқас бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда сәуірдің 28-нен бастап қатты жел тұрып, қар, бұршақ жауып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қар. Бұршақ. Дауыл. СҚО-да екпінді жел ертең де сақталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *