Бескөл ауылында үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты. Тілсіз жауды төтеншеліктер бірден ауыздықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Өрт шыққан әкімшілік нысанның «Қазпошта» ғимараты екені анықталды. Онда қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар оқиға орнына бірден жетті, оттың таралуына жол бермеді.
Тілсіз жауды сөндіру барысында ғимараттан екі газ баллоны шығарылды. Бұл жарылыстың алдын алуға және өрттің әрі қарай таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Өрттің алдын ала себебі — дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.
Тағы оқыңыз: Есіл ауданында алғашқы ауылдық IT-орталық ашылды

