СҚО-да жұмысшы топырақ астында қалып, көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда 46 жастағы ер адам топырақ үйінсінің астында қалып, мерт болды. Полицейлер жұмысшының қаза болуына байланысты тергеуді бастады, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға Айыртау ауданында болған. 23-ші қыркүйек күні аудандық полиция бөліміне Антоновка ауылында, жерді қазу барысында жұмысшының үстіне топырақ үйіндісі құлағаны туралы хабарлама түседі. Алған жарақаттардан 46 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмған

«Аталмыш факті еңбек қағидаларын бұзу фактісі бойынша біріңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілді. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалалр анықталып, кейін нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деп түсіндірді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Әзірге сот медициналық сараптамасы мен еңбек инспекциясының қорытындысы шыққан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Петропавлда да осындай қайғылы оқиға орын алған болатын. Ол кезде 22 жастағы жігіт көз жұмған еді.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны алимент төлеудің орнына букмекерлік кеңседегі шотын 34 млн теңгеге толтырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x