СҚО-да жүк көліктерін автоматты өлшеу жүйесі орнатылады

Солтүстік Қазақстан облысында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматты жүйелер орнатылады. Электронды таразылар Астана – Петропавл бағыты мен Сергеев су қоймасы арқылы өтетін көпірге қойылады, деп жазады Qazaqstan Media 24кz арнасына сілтеме жасап.

Бұл ауыр машиналардың қанша тонна жүк артқанын анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, олардың кесірінен тас жолдар бүлініп жатыр. Осыған байланысты мамандар арнайы рейдке шықты.

«Электронды таразылар ауыр көліктің салмағын автоматты түрде өлшейді. Шамадан тыс болған жағдайда бірден айыппұл салынады. Сонымен қатар бұл жолдарға аркалар мен ескерту белгілері қойылады»,- деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Тағы оқыңыз: Айыртау ауданының диқандары астық жинау науқанына дайын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x