СҚО-да жыл басынан полицейлер қаруды сақтау ережесін бұзудың 297 фактісін анықтады. Одан қалды, тіркелмеген қаруды ұстаған 190-нан астам адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бүгінде облыста тұяқты жануарларға аңшылық жасауға рұқсат етілген. Қыркүйек айында су құстарына аңшылық маусымы ашылмақ. Осыған байланысты полицейлер саятшылармен кездесті.
Тәртіп сақшылары аңшыларға қарумен қалай жұмыс істеуді үйретті. Басты мақсат — қайғылы жайттардың алдын алу.

Талаптарға тоқталсақ, әр аңшының өзімен бірге рұқсат құжаттары болуы шарт. Сондай-ақ қаруды заңнама талаптарына сай — оқ-дәрісіз, бөлшектеп және қаптап тасымалдау қажет. Ең бастысы, қаруды мас күйінде қолдануға қатаң тыйым салынады.
 

«Профилактикалық шара тамыздың 19-нан 26-на дейін өткізілді. Қаладағы барлық қаруы бар жандармен тілдестік. Түсіндірме жұмыстарын жүргіздік»-, дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының инспекторы Мейірман Советов.

СҚО-да жыл басынан 297 адам қаруды сақтау ережесін бұзған. Тіркелмеген қаруды сақтаудың 94 фактісі анықталған. Тіркеу мерзімдерін бұзған 190-нан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *