СҚО-да жыл басынан бері 300-ден астам тұтынушының құқығы бұзылған

Облыстық тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығына жыл басынан бері 300-ден астам тұрғын құқығы бұзылғандығы туралы шағымданған. Басым бөлігі тауардың сапасына байланысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубоваяның айтуынша, Петропавл тұрғыны 1 жылға жуық уақыт бойы өз құқығын қорғай алмай жүр.  Ол 500 мың теңгеге үй жиһазын сатып алған. Бірақ, тауардың сапасы көңіл көншітпейді. Сатып алушы оның сапасыз екенін дәлелдеп, жиһазды қайтарып берген. Бірақ тұтынушы әлі күнге дейін ақшасын ала алмай жүр.

СҚО-да жыл басынан бері 300-ден астам тұтынушының құқығы бұзылған

«Тауарға сараптама жасау керек болды. Бірақ оны тұтынушы өз қаражатына жасады. Сот орындаушы біздің тұтынушымызға жиһазды қайтаруды міндеттеп, қаулы шығарды. Бізге оның да пайдасы тиген жоқ. Текке 180 мың теңгеміз құр кетті», — дейді облыстық тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая.

Ал келесі бір солтүстікқазақстандық автокөлік сатып алған. Кепілдік мерзімі — 5 жыл. Алайда көліктен ақау шығып, иесі оны кепіл бойынша жөндете алмаған.

«Ақау көліктің әйнегінен шықты. Кепілдік уақыты әлі де бар. Автосалонға хабарластық. Анықтаймыз, жасаймыз деді. Бірақ жөндеуге асығар емес. Әлі күтіп жүрміз. Тұрғындардың өзі мәселелерін шеше алмағандықтан маған хабарласып, өздерінің жағдайын айтады. Шарасыз болған соң біздің қауымдастықтан үміт күтеді. Бірақ бұл екі тұрғынның мәселесі әлі шешілмей жатыр», — Надежда Дубовая.

Қауымдастық төрағасы Надежда Дубоваяның сөзінше, тұтынушылардың құқығын қорғау жылдан жылға қиындап барады.

Тағы оқыңыз:СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x