Жыл басынан СҚО-да 65 адам қызылшамен ауырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда аз, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Биыл 65 солтүстікқазақстандық қызылшамен ауырған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 329-ды құраған болатын. Вирусты ең көп петропавлдықтар жұқтырған.
«Петропавлда қызылшамен ауырудың 33 фактісі тіркелді. Ал Уәлиханов ауданында — 10, Қызылжар ауданында — сегіз, Айыртауда — бес, Мамлютта — екі , қалған аудандарда үш адамнан аталған вирусты жұқтырған», — деп мәлімдеді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Жауапты департамент қызылша жұқтырған тұрғындардан бірден вакцина алуын сұрайды. Себебі, аталған вирус одан әрі таралып, тыныс жүйелері мен денеге зақым келтіруі мүмкін. Айта кету керек, қызамықпен көбінесе алты жасқа дейінгі балалар ауырады.
Тағы оқыңыз: СҚО қант қызылшасы мен «ақылды фермалар» бойынша ұлттық экспериментке айналды

