Соңғы аптада Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ жұқтырып, науқастанғандар саны азайған. Жалпы, эпидемиологиялық маусым басталғалы өңірде  ЖРВИ жұқтырудың  29750 жағдайы тіркелген, деп жазады Qazaqstan Media.

Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлесі  68% құрап отыр. Соңғы аптада ЖРВИ ауруының 3647 жағдайы тіркелген. Бұл  өткен аптамен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 61%-ға төмен.

Ал, эпидмаусым басталғалы A/H3N2 типті тұмауының  124 жағдайы тіркелген. Облыста тұмауға жатпайтын вирустар тіркелуде, мысалы: риновирустар (19), бокавирустар (6), аденовирустар (4).

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі. ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда айтыскер ақын Жарқын Жұпарханның кітабы оқырманға таныстырылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *