Солтүстік Қазақстан облысында алты адам ардап шеккен жол апаты орын алды. Қазір 48 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем қабылдауда, деп жазады Qazaqstan Media

Жол апаты 18 желтоқсанда республикалық маңызы бар «Астана – Петропавл» автожолының 453-шақырымында орын алды.   Lexus және Mitsubishi маркалы автокөліктер соқтығысқан. Нәтижесінде алты адам түрлі дене жарақатын алды.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Жүргізушілер медицналық тексерістен өтті, ішімдік ішпеген»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендерге толық медициналық көмек көрсетілді. Алты адамның тқртеуі амбулаторлы ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Ал, екі науқас Қызылжар аудандық ауруханада жатыр.

«Екі науқас ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуіне шұғыл операция жасалып, қазіргі таңда жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Жансақтау бөлімінде. Екінші науқастың жағдайы орташа ауыр, толық көлемде ем қабылдауда»,-деп нақтылады дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: Петропавл әкімі үйлердің қасбеттік жарығын қайта қосуды тапсырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *