Көктайғақтың салдары! Қызылжар ауданында көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай ағашқа соғылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Келеңсіз оқиға 19 желтоқсан күні «Челябі — Новосібір» автожолында орын алған. «ВАЗ-2171» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай жол жиегіндегі ағашқа соғылды. Салдарынан жолаушы ауыр жарақат алды.
38 жастағы жолаушы Петропавл қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды. Өзге жолаушылар зардап шеккен жоқ. 42 жастағы жүргізушіге қатысты материалдар жинақталуда, олардың негізінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.
«Жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге шақырамын. Сондай-ақ көлік құралын басқару дағдыларын, әсіресе қала сыртындағы тас жолдарда, жылдамдықты асырмауға шақырамыз», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Жылу, электр және жол инфрақұрылымы: 2025 жылғы атқарылған жұмыстар
