СҚО-да жеке сот орындаушылары салық заңнамасын бұзған. Олар нақты табыстарын жасырып, декларацияны дұрыс толтырмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жеке сот орындаушылары 2023 жылға арналған декларацияның 240.00 нысаны бойынша жеке табыс салығы кірістерін айтарлықтай төмендеткен. Облыс бойынша осындай 25 факті анықталыпты. Мамандар 133,5 млн теңге табысын жасырып, 13,2 млн теңге салық төлемеген.
 
 Сонымен қатар, тексеру барысында нөлдік кірісті көрсететін салық декларациясын дұрыс тапсырмау фактісі де анықталды. Жеке сот орындаушысы 2023 жылы жалпы сомасы 20,8 млн теңге болатын 459 құжатты орындағаны үшін 4,5 млн теңге көлемінде қаржы алған. Алайда, уәкілетті органға 449 мың теңге сомасындағы салық міндеттемесін орындаудан жалтарыпты . Тіпті, табысының жоқтығы туралы декларация тапсырған.
 
Салық органының қадағалау шаралары камералдық бақылау бойынша жүзеге асырды. Нәтижесінде 11 жеке салық орындаушысы 27,4 млн теңгеге қосымша декларация тапсырып, 2,6 млн теңге сомасына табыс салығын өз еркімен төледі.

Тағы оқыңыз: СҚО соттарына жаңа судьялар тағайындалды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *