Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі -заң мен тәртіп. Осы қағидатты жастар санасына сіңіру мақсатында М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да профилактикалық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен телекөпір жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға, құқықтық сана мен мәдениетті арттыруға бағытталды. Оған СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, облыстық прокуратура өкілдері және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында алаяқтық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін сотталған азаматтар онлайн форматта қосылып, өз өмірлеріндегі ауыр сабақтарымен бөлісті.

Тікелей диалог форматында өткен кездесуде студенттерге қылмыстың құқықтық, әлеуметтік және моральдық салдары туралы нақты әрі өмірлік тәжірибеге негізделген ақпараттар ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық форматтағы кездесулер жастарды қылмыстан сақтандырып, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеудің тиімді жолы.

«Аталған іс-шаралардың жастарды заңға бағынуға және құқық бұзбауға тәрбиелейтініне сенімдіміз. Мысалы, осы жылдың қаңтар айын өткен жылдың қаңтар айымен салыстырсақ, есірткі тасымалдау мен алаяқтық деректері 30-40%-ға азайғанын атап өткен жөн. Мұндай профилактикалық шаралар прокуратура тарапынан жүйелі түрде өткізіліп тұрады», — деді Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Рауан Туғанбай.

Айта кеткен жөн, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен шараға 500-ге жуық білім алушы қатысты. Іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық кәсіпкер әйелдерге жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *