Биыл таудан биік тұлға саналатын, ұлт мақтанышы Жұмағали Тілеулиннің туғанына -135 жыл. Нар тұлғаның өмір жолын дәріптеу мақсатында Петропавлда ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қасиетті Айыртау топырағына кіндік қаны тамған арда ұлды халыққа таныстыру, жастарға өмір жолы мен еңбегін насихаттау мақсатында атақты жерлесіміз атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде ғылыми-практикалық конференция өтті. Теріскей тумасы — «Алаш» қозғалысының қайраткері, дәрігер, педагог, жазушы және ағартушы. Ол аққайыңдар өлкесіндегі алғашқы білімі бар маман саналады.

СҚО-да Ж.Тілеулиннің 135 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті
СҚО-да Ж.Тілеулиннің 135 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

«Округ болған кезеңде біздің денсаулық сақтау бөлімін ең бірінші басқарған. Ең бірінші Педагогикалық техникумның директоры болған. Қазақстанды алғашқы зерттеу қоғамы жергілікті филиалының басшысы болып, музейді құруға тікелей араласқан. Біз Жұмағали жайлы сөз қозғасақ, «Ең бірінші», «тұңғыш» деп жиі айтамыз», — деді Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

Жұмағали Тілеулин атан түйеге жүк болар жауапкершілікті арқалады. Бойында қазақтың қаны тулаған жастардың көзі ашық, көкірегі ояу болғанын, төрден орын алғанын қалады. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде денсаулық сақтау және білім беру мәселелеріне арналған мақалаларды жариялады, «Алашорда» үкіметінің мүшесі атанды.

Ғылыми-практикалық конференцияға Жұмағали Тілеулиннің туыстары да қатысты. Бекет Тілеулиннің әкесі — «Алаш» қайраткерінің ағасы. Немере інісі ретінде таныстырылған азамат тау тұлғаның және балаларының тауқыметке толы тағдырымен жақсы таныс.

СҚО-да Ж.Тілеулиннің 135 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті
СҚО-да Ж.Тілеулиннің 135 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтті

«Жұмағали Тілеулиннің үш баласы болды. Үлкен ұлы — Ерік. 1919 жылы туған. Одан кейін Азиз бен Серік дүниеге келді. Ерікті ауру деп соғысқа алмаған, Сібірге еңбек әскеріне аттанған. Сонда ауырып, 1945 жылы өмірден өткен. Ал Азиз техникум бітірген. Болашағынан зор үміт күттірген жігіт те жалындаған жастық шағында дүние салды. Жер-жерде қудалау көрді. Себебі, бұлар — «Халық жауының» балалары», — деді Жұмағали Тілеулиннің немере інісі Бекет Тілеулин.

Алқалы жиын барысында бұдан өзге де аса маңызды деректер айтылды. Зарқын Тайшыбай, Жақсыбай Самрат сынды өңірге танымал азаматтар сөз сөйледі. Айта кету керек, 1930 жылы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі былтыр Жұмағали Тілеулиннің атын алды. Қазіргі таңда алты мамандық бойынша 1200-ге жуық студент білім алады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда дәрігерлер күрделі операция жасады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *