СҚО-да зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстанда тұрғын үйден өрт шығып, 69 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өрт бүгін түнде Булаево қаласында тіркелген. От 55 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру барысында 1955 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды.

«Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береміз», — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: СҚО ормандарында өрт қауіпсіздігін сақтамағандар1 млн теңге айыппұл төледі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *