15 сәуір мен 20 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және өңірдің барлық су қоймаларында балық аулауға тыйым салынған болатын. Алайда бұл шектеу кейбір балықшыларға тоқтау бола алмады.Балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық аулаған 20 тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Уылдырық шашу, яғни балықтар мен басқа да су жануарларының көбейетін уақытында өңірдің су айдындарында келесі балық түрлерін ұстауға, аулауға, жинауға және дайындауға тыйым салынды:

• Шортан, аққайран, көксерке – 15 сәуірден 15 мамырға дейін;

• Сазан – 20 мамырдан 20 маусымға дейін.

Осы кезеңде өңірде жыл сайын «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы аясында рейдтік іс-шаралар күшейтіледі.

«Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторлары белгіленген балық аулау мерзімдерінің сақталуын бақылап отырады. 15 сәуір мен 20 маусым аралығында уылдырық шашу кезеңінде балық аулау ережесін бұзудың 20 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды», – деді Qazaqstan Media-ның ресми сұранысына жауап ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермұхамбетов.

Балық инспекторлары 20 әкімшілік хаттама толтырған. Ережені бұзған азаматтарға жалпы сомасы 393 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның үздік ауылдық мәдени мекемесі анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *