Солтүстік Қазақстан облысында жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың екінші кезеңі ұйымдастырылды. Оған 20 оқушы қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Олимпиада smart.daryn.kz платформасында онлайн форматта өтті Бірінші кезең тестілеу болды. Әр пән бойынша 15 сұрақ, ең жоғары балл – 120.  Екінші турда оқушылар шығармашылық эссе жазды.

«Іріктеу кезеңі – дарынды, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге ерекше қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау мен қолдауға бағытталған. Президенттік олимпиаданың басты мақсаты – еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамыту, ғылымға бейім дарынды жастарды қолдау және ынталандыру», -деді  «Қызылжар дарыны» орталығының директоры Бақыт Ғабдуллина.

Бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының атынан 2025 жылғы 17–21 қараша аралығында Астанада өтетін республикалық қорытынды кезеңге қатысатын үздіктер анықталады.

СҚО-да XVIII Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті
СҚО-да XVIII Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті

Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі – жыл сайын жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша өтетін зияткерлік жарыстың екінші кезеңі. Білім сайысына бұған дейін республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған оқушыларға басымдық беріледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Тұсау кесу» рәсімі өтті

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *