Солтүстік Қазақстанда учаскелік полицей күйеуіннен қорлық көріп келген әйел мен қызына көмек көрсетті. Жұмысқа орналастырып, тұратын баспана тауып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қызылжар ауданының тұрғыны учаскелік инспекторға күйеуінің үнемі жанжал шығаратынын, өзіне және қызына күн көрсетпейтінін айтып шағымданған. Ер адам бұған дейін де бірнеше мәрте отбасылық құқықбұзушылықтар үшін тартылған екен.
Осы күнге дейін нәзікжанды шарасыз күйде болыпты. Себебі, тұратын үйі мен ақшасы болмаған.
Мән-жайды толық зерттеген учаскелік инспектор әйел пен оның қызын аудан орталығына жеткізді. Әйгерім Әубәкірова есімді полицей бірқатар ұйымға хабарласып, күйеуінен зәбір көрген нәзәкжандыны аудандағы кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастырды. Бір қуаныштысы өндіріс орнының жұмысшылары жатақханамен қамтамасыз етіледі.
«Әрине, кез келген сәтте әйелі мен қызын күйеуі іздеп келуі мүмкін. Ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Заң бойынша оған әйелі мен күйеуіне жақындауға тиым салынды. Талапқа бағынбаса, заң алдында жауап береді»,-деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Мамлют ауданында дәстүрлі дала күні мерекесі өтті