Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғады. Олар қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлемей, арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етпеген мекемелерді анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
 
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай фактілер Тайынша және Тимирязев аудандарының төрт бірдей ауыл шаруашылығы кәсіпорнында анықталған. Мұнда 254 қызметкер үш ай бойы жалақыларын алмаған. Шаруашылықтардың жұмысшылары алдындағы қарызы 137, 4 млн теңгені құрады.  

Ал Аққайың ауданында оқу орындарының 123 қызметкері арнайы киім-кешекпен (мақта матадан тігілген халаттар, қолғаптар, отқа төзімді сіңдірілген алжапқыштар, т.б.) қамтамасыз етілмеген.

«Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жалақы бойынша берешек толық өтелді. Қызметкерлерге арнайы киім-кешек берілді, кінәлі тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылды», — делінген ақпаратта.
 
Тағы оқыңыз: Бастығын ұстап берген: СҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі басшысын видеоға түсіріп, әдеп жөніндегі кеңеске жіберген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *