СҚО-да тұрғындардың 41% ғана көмір алып үлгерген

Петропавлда алдағы жылыту маусымына көпқабатты тұрғын үйлердің 84% дайын. Яғни, қаладағы 1170 баспананың 1400-інде жуып-шаю жұмыстары жүргізілді. Ал жер үйде тұратын солтүстікқазақстандықтардың 41% ғана көмір алып үлгерген, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңір тұрғындары мен әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Облыстық  энергетика және ТҮКШ  басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев берген мәліметке сүйенсек, өңірдегі 490 қазандықтың 466-сы алдағы жылыту маусымына дайын.

Білім беру, денсаулық  сақтау нысандарының 99% қысқа әзір. Ал облыс орталығындағы 1170 көпқабатты тұрғын үйдің 1400-і ғана тиісті шараларды жүргізген. 

«Бюджеттік мекемелер үшін 124,8 мың тонна көмір алынды.  Барлығы 146 мың тонна қара отын керек. Тұрғындар өздеріне қажетті 399 мың тонна көмірдің 162 мың тоннасын ғана сатып алды. Қазір облыс тұйықтарында 34,2 мың тонна көмір бар. Оның 4,8 мың тоннасы Петропавл қаласына тиесілі», — деді спикер. 

Сонымен қатар, брифингте Петропавлдағы ЖЭО-дағы қазандықтардың күрделі жөндеуден өтіп жатқандығы да белгілі болды.  

Жылыту орталығындағы құлаған мұржаны қайта салу жұмыстары жалғасып жатыр. Жөндеу жұмыстарына деп бөлінген 17,6 млрд теңгенің 7,23 млрд теңгесі игеріліпті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның өзен-көлдеріндегі жағдайды интерактивті карта арқылы қарауға болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x