Солтүстік Қазақстанда сегізінші қаңтар күні екі өрт оқиғасы тіркелді. Бірі М. Жұмабаев ауданында болды. Онда тұрғын үй отқа оранды, деп жазады Qazaqstan Media.
М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласындағы өрт жеке тұрғын үйдің шатырында болды. Құтқарушылар жарылыстың алдын алып, оттан бір газ баллонын шығарды. Жалын 70 шаршы метр алаңды шарпыды. Қазір от толық сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталуда. Екінші оқиға Петропавл қаласында тіркелді.
«Петропавлда автожуу орнында өрт шықты. От электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болды. Өрттің салдарынан ғимараттың шатыры 10 шаршы метр алаңда жанып кетті», — деп жазады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Елімізде жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық бағдарлама қосылады