СҚО-да түрмеде отырған әйелдің туындысы халықаралық суретшілер байқауында жүлделі орынға ие болды

СҚО бойынша ҚАЖД № 50 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазасын өтеп жатқан Самал Жакеева Мәскеуде өткен суреттер байқауында екінші орын иеленді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Самал Жакеева сурет салуды темір тордың ар жағына түскесін ғана қолға алған. Оған дейін тек құрбыларының өтініші немесе баласына арнап қана сурет салып келген. Самал ақ қағаз бетіне түрлі жанрдағы туындыларды салады. Оның мүмкіндігін байқаған мекеме басшлығы оған байқауда қатысуға ұсыныс тастайды.

Мәскеу қаласында сотталғандар арасында діни тақырыпта ұйымдастырылған конкурсқа Самал «Христос және әлем» деген картинаны жолдайды. Нәтижесінде 3 мемлекеттің қатысушыларының арасынан екінші орынды иеленді.

«Мен сурет салуды өзім үйендім. Шынымды айтсам, картинам екінші орынға лайықты болады деп ойламаппын. Майлы бояумен салған алғашқы суретім еді. Мекеме әкімшілігінің және жасақтағы қыздардың қолдауының арқасында талантымды аша білдім» — дейді Самал.

Жазасын өтеушіге портреттерді салған ұнайды екен. Ол пейзаж жанрын да жетік меңгергісі келеді. Самал Жакеева алдағы уақытта өзге де байқауларда бағын сынамақшы.

Тағы оқыңыз: Облыстық көпсалалы аурухана дәрігерлерінің жалақысы 868 мың теңгені құрайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x