Солтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық медальдарды табыстады.  Бұл соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін құрмет белгісі. Кездесуде ардагерлер сол ауыр кезеңдер туралы естеліктерімен бөлісті, деп жазады Qazaqstan Media.

Облыстық әкімдікте бүгін ерекше атмосфера. Ерекше марапат. Жиналғандардың жүздерін әжім басқанымен, көздері қуанышқа толы. Бірақ, сол сұрапыл жылдардың ізі көңілден, ойдан кетпейді. Ол кездерді көзге жас алмай, еске алу мүмкін емес. Бұл жандар сұрапыл соғыс жылдарында жеңісті жақындатқан, тылда еңбек еткен жерлестеріміз. Балалық, жастық шақтарында «Майдан үшін!», «Жеңіс үшін!» деп ұрандатып, тер төккендер.

СҚО-да тыл ардагерлері марапатталды
СҚО-да тыл ардагерлері марапатталды

«Сіздердің төзімділіктеріңізге, рух күшіңізге және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізге бас иеміз. Сіздердің арқаларыңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп келеміз. Сіздерге мың тағзым және мәңгілік алғыс!»,- деді  өңір басшысы тыл ардагерлеріне.

Қариялардың  еңбегі —майдандағы ерлікпен тең. Соғыста жауынгерлер шайқасып жатқанда, балалар мен қыздар, әйелдер егістікте, колхоздарда, зауыттарда, теміржолда тынымсыз еңбек етті.  Сарбаздар майдан даласында от пен оқтың арасында жүрсе, бұл кісілер қара жұмыстан қашпай, бел жазбастан жұмыс істеді.

Облыс әкімі қолынан Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальды алғандардың бірі – Әсима Әжбаева.Ол ел басына екі талай күн туғанда майдандағы сарбаздарға киім тіккен.

СҚО-да тыл ардагерлері марапатталды
СҚО-да тыл ардагерлері марапатталды

«Тігінші болып жұмыс істедім. Соғыс кезінде де, соғыстан кейінде  тігін шеберханасында жұмыс істедік. Жұмыстан қашпадық. Солдаттарға киім тіктік. Жастық шағымыз солай өтті. Енді соғыс болмасын. Халқымыз бейбіт күн кешіп, соғыс дегеннің не екенін көрмесін»,-дейді  тыл ардагері.

1941-45 жылдардағы соғысқа 1,3 млн қазақстандық аттанды. Біздің өңірден 90 мың азамат майдан даласына кетті. Оның әр үшіншісі туған жерге оралмады.

Қазіргі кезде облыста үш соғыс ардагері тұрады- Валентина Волкодав, Василий Макиенко және Федор Щеглов. 2 396 тыл ардагері бар. Оның 34-і медальдармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Сапалы білім – ұлт болашағы» атты педагогикалық форум өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *