Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар тас жолда жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.
Қайғылы оқиға 18-ші қазанда болған. Жезқазған-Петропавл бағытындағы тас жолда Шал ақын ауданынан Ғ. Мүсірепов ауданына барар жолда «МАЗ» көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысқан. 31 жастағы автомобиль жүргізушісі МТЗ тракторын басып озбақ болыпты.
«Жол-көлік оқиғасынан 65 жастағы трактор жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Осыған қатысты ҚР ҚК 345 бөлігі 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ат спорты түрлерінен ашық кубок ұйымдастырылды