Солтүстік Қазақстанда 50 жастағы азаматтың көлігінен екі мылтық табылды. Ол қаруды көлігінің жүксалғышында сақтап келген, деп жазады Qazaqstan Мedia.

Есіл ауданының 58 жастағы тұрғыны қаруды өз еркімен полицияға тапсырды. Ол ТОЗ-8 мылтығын егіс алқабында тауып алған-мыс. Қазір қару сараптамаға алынған. Мылтықты тиісті тексеруден өткізген соң, ер адамға ақшалай сыйақы төленеді.

Ал, 50 жастағы жүргізуші болса, қос бірдей қаруды автокөлігінің жүксалғышында сақтап жүрген. Полицейлер тексеру үшін Toyota автокөлігін тоқтатады. Оның жүксалғышында ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы, сондай-ақ ТОЗ БМ мылтығының ұңғысы мен бөлшектері жатқан. Қару тіркелмеген болып шықты. Ал елді мекендердің бірінде 44 жастағы ауыл тұрғыны тіркелмеген VALTRO газды тапаншасын сақтап келген.

СҚО-да Toyota автокөлігінен тіркелмеген ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы табылды
СҚО-да Toyota автокөлігінен тіркелмеген ИЖ-16 тегіс ұңғылы мылтығы табылды

Сараптама қарудың калибрі 9 мм патрондармен атуға жарамды екенін көрсетті. Тәртіп бұзушылардың екеуіне қатысты әкімшілік материал жиналды.

Тағы оқыңыз: 12-ші мамыр –халықаралық мейіргерлер күні

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *