Адам өлімі тіркелген жол апаты 19-шы тамыз күні Айыртау ауданында орын алды. Еленовка – Чистополье – Арықбалық бағытындағы жолда Volkswagen Passat көлігі аударылған, деп жазады Qazaqstan Medіа.
Жол апаты салдарынан 41 жастағы жолаушы көз жұмды. Ал 31 жастағы жүргізуші түрлі дене жарақатын алған. Ол Айыртау аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, медициналық көмектен бас тартқан.
«Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процессуцалдық щешім қабылданатын болады»,- деп жазады СҚО ПД баспасөз қзыметі.
Адам өлімімен аяқталған тағы бір жол апаты 18-ші тамыз күні тіркелген болатын. Астана-Петропавл тас жолында болған апаттан 21 және 22 жастағы қыз бен жігіт оқиға орнында көз жұмды. Олар отырған жеңіл көлік қарыс бағытта келе жатқан жүк көлігіне соғылған еді.
Жалпы жыл басынан өңір жолдарында жол апатынан 27 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: 2025 жылы МӘМС жүйесі арқылы СҚО-да денсаулық сақтау саласына 38,3 теңге бөлінді