СҚО-да кезекті мәрте жалпы облыстық сенбілік ұйымдастырылды. Петропавлдықтар бұл жолы тазалық жанашырлары Мағжан Жұмабаев ескерткішінің айналасын күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Таңмен таласа тұрған жұртшылық қолдарына күрек, тырма және қап ұстаған. Олар аумақты жапырақ, шөп, бұта мен адамдар тастаған қалдықтардан тазартты. Сондай-ақ, 100-ден астам көшет отырғызды. Шарада ел қамын ойлаған ардагерлер де бой көрсетті.

 
СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мың көшет отырғызылды
СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мың көшет отырғызылды

«Біз сияқты ардагерлер артымыздан еріп келе жатқан жастарға үлгі көрсетуіміз қажет. Облыс бойынша сенбілік өтеді деген кезде қол қусырып отыра алмадым. Жыл басынан Петропавлда өткен барлық тазалық шарасына қатыстым», — Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин.

Бұл орынға петропавлдықтармен қатар, қала қонақтары да келетіні белгілі. Көрікті жер, ауасы да тамаша. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев ақынның ескерткіші әрдайым көз сүйсіндірерлік күйде болуы тиіс.

СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мың көшет отырғызылды
СҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 10 мың көшет отырғызылды

«Барлық облыс тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырамын. Өзіміз тұрып жатқан жердің тазалығына әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Міне нағыз патриоттық деп осы жұмысты айтар едім», — деді СҚО әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов.

Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Ол жұртшылықпен бірге көшет отырғызды. Мұндай іс-шаралар жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастырады. Аға буын өкілдері мен жастар арасындағы қарым-қатынасты нығайтады.

Ауқымды экологиялық акция облыстың 243 ауылында өтті. Оған 23 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ, тазалық шарасында табиғат жаңашырлары 10 мың ағаш отырғызды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да денсаулық сақтау саласының ардагерлері құрметке бөленді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *