Солтүстік Қазақстан облысында тасыған Есіл өзенінің суы азайып келеді. Бір тәулікте ол алты сантиметрге төмендеп, деңгейі 1175 см құрап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Өзен суының деңгейі төмендегенмен, тасқыннан келетін қауіп сейілген жоқ. Қазіргі кезде Петропавл қаласының Заречный кенті мен Қызылжар ауданының бірнеше ауылдарында инертті материал салынған қаптардан бөгет жасау жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде.

Петропавл қаласының маңындағы Заречное кентіне жүзу құралдары мен вахтовкалардың көмегімен тұрақты өткел ұйымдастыруда. Соның арқасында тұрғындар қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да бірінші кезектегі қажетті заттарды алуда.
Су бұру және су басу деңгейін төмендету үшін мұнда 16 мотопомпа, 34 арнайы техника қолданылуда. Бұл жерде барлығы 241 адам жұмыс істеп жатыр.

Су тасқыны басталғалы бері Қызылжар ауданының Тепличное және Большая Малышка ауылдарынан тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілгендігін жазған болатынбыз.

Ал Прибрежное ауылы мен Заренчый кенті су құрсауында қалып, тұрғындар арнайы техниканың көмегімен қатынасып жүр. Өңірде үйлерге су кіру фактілері тіркелген жоқ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауы өтті