Биыл ел бойынша ЖОО 78-мыңға жуық білім гранты бөлінді. Оның 1150-і М. Қозыбаев атындағы СҚУ тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп. Қазіргі уақытта 400-ден астам талапкер құжаттарын тапсырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл елімізде табиғи апаттан зардап шеккен облыстардың талапкерлеріне қосымша гранттар берілді. Оның 136-сы солтүстікқазақстандықтарға тиесілі. Сонымен қатар, облыс әкімінің арнайы 58 гранты да бар. Алайда, бұл тегін оқу бойынша білім алған жастар кейін СҚО-ға келіп жұмыс істеуі қажет. Және жергілікті ЖОО Аризона университетімен қос дипломдық бағдарлама бойынша тағы 500 грант бөлінген. Алайда, бұл бағдарламаға сұраныс көп болғандықтан қазіргі уақытта 506 баланың құжаты қабылданыпты. Сондай-ақ биыл М. Қозыбаев атындағы СҚУ педагогикалық квота бойынша тағы 200 грант бөлінген. Және биылғы талапкерлерге арналған жағымды жаңалықта бар. Биыл «Қазақстан халқына қоры» мен «Freedom» банк та аз қамтылған отбасыдан шыққан және жетім балаларға арнап өздерінің арнайы гранттарын бөліпті.
«Грант жеңіп алмаған оқушылар әлі де үміттерін үзбесе болады. Себебі, биыл ел бойынша «Қазақстан халқына» қоры 850 грант бөлді. Ал «Freedom» банк болса жеке біздің оқу орнына 15 грант берді. Бұл талапкерлерге арналған өте жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Қазір құжаттар қабылданып жатыр», — деді Kozybayev University басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ қосдипломдық бағдарлама бойынша оқуға түскендердің бірі – Айдана Омарова. Ол Астана қаласынан келіп отыр. Айдана алдымен бас қаламыздағы Назарбаев университетіне білім грантын жеңіп алған. Алайда, жас қыздың таңдауы СҚО оқу орнынан түсіпті.
«Осы оқу орнындағы қосдипломдық бағдарлама туралы мен тоғызыншы сыныпта оқып жүріп білдім. Биотехнолог мамандығын тапдап отырмын. Шет елдің оқу орындарымен тәжірибе алмасу менің болашағым үшін де өте жақсы пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Жатақханада орын да алдым», — деді талапкер Айдана Омарова.
Айта кетейік, ЖОО құжат қабылдау 25-ші тамызға дейін жалғасады. Және қазір магистартураға түсу үшін де өтінімдер қабылданып жатыр.
Тағы оқыңыз:Қоқыс шығару ережесін бұзғандарды бейнекамералар арқылы анықтап, жазалау керек – С. Мұхамедиев