Солтүстік Қазақстанда сыныптасына пышақ сұғып алған бала қамауға алынған жоқ. Ол үшін ата-анасы жауап беретін болады, деп хабарлады Qazaqstan Media.
Еске сала кетейік, оқиға бүгін Тимирязев ауданы Ақжан ауылындағы мектепте болған. Оқушылар арасында жанжал шығып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, полицейлер тергеуді бастап кетті. Жарақат алған бала қазіргі кезде аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр. Ал оны жарақаттаған оқушы анықталғанымен қамауға алынбады.
«Құқық бұзушының жасын ескере отырып, полиция қызметкерлері ата-анасын бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Айта кетейік, жасөспірім профилактикалық есепке алынады. Сондай-ақ аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Шетелде жүрген қазақстандықтар референдумға қалай қатысады